Эпидемиологиялық ахуалы жақсы шалғай ауыл оқушылары мектепке барып білім алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
«Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқи береді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады» деп мәлім етті министрліктен.
Егер ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Қашықтан оқытуда мынадай қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.