02 нау, 2018 сағат 13:59

Энергетика вице-министрі парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігінің  ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады.

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.

Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.

Ғани Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.

Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.