18 мау, 2020 сағат 20:07

Елорданың Байқоңыр ауданын су басты: Әкімдік түн ортасына дейін жағдайды түзеуге уәде берді

 

Елорданың Байқоңыр ауданы әкімдігі ауданға қарасты бірқатар көшені су басып кетуіне байланысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты «Байқоңыр» ауданында с басқан учаскелерден суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 22 ассенизаторлық машина, 4 матопомпа және 1 арналарды тазартуға арналған «Camel» машинасы жұмылдырылған», - деп атап өтті аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, осы уақытша дейін 4 мың текше метрден астам су сорғытылған. Қазіргі уақтта Тәшенов, Бараев, Кравцов, Иманов, Тархан, Пушкин, Таха Хусейн және ескі базар ауданын нөсер жауын салдарынан су басқаны белгілі. Төтенше жағдай салдары түнгі 00-00-ге дейін жойылмақ. Жұмыс жалғасып жатыр.