27 қар, 2019 сағат 15:47

Елорданың бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

 «БАҚ-қа, ақпарат агенттіктеріне, журналистерге, тілшілерге, телеарналарға бірлесіп белсенді жұмыс атқарғанымыз үшін алғыс айтамын. Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана, хочу похвастать/пожаловаться» және «Астана - Что? Где? Когда?» топтарына, сондай-ақ елорда тұрғындарына Сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі департаментінің атына жазылған шағымдары мен ыстық лебіздері үшін рақмет айтамын» деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов отставкасын.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өміріне берік кірігіп, көптеген мәселелерді шешуде және оларды жеткізуде шынайы құрал болып отыр.

«Сондықтан, мемлекеттік орган басшылары Сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі департаменті секілді Мемлекет басшысының сынына қалмай, ақпараттық кеңістікті белсенді қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі шағымдар мен жазбаларға шұғыл назар аудары тиіс», - деп атап өтті елорданың бұрынғы бас санитарлық дәрігері. «Әрбір мемлекеттік қызметші қандай лауазымда отырғанына қарамастан, Мемлекеттік басшысының сынына ұшыраса, отставкаға кетуі қажет» деп түйіндеді ол.