19 мам, 2020 сағат 15:02

Елордалықтар «Smart Astana» арқылы пітір-садақаға 700 мың теңге аударды

Елорда халқы «Smart Astana» мобильдік қосымшасы арқылы 700 мың теңге көлемінде пітір-садақа лақтырған. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында «Астана Innovations» АҚ баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәлім етілгендей, мобильдік қосымша арқылы бес мешітке қайырымдылық қаражатын аударуға болады. Олар – Хазірет Сұлтан, Ырыскелді Қажы, Aq meshit, Нұр Астана, Әл-Ғани мешіттері. 

Ақша аудару үшін «Менің төлемдерім» бөліміне кіріп, «Қайырымдылық» - «Садақа беру» айдарын басу керек.

Елордалықтар бүгінге дейін ҚМДБ бекіткен 370 теңге көлеміндегі пітір-садақаны «Smart Astana» арқылы жіберіп, оның жалпы сомасы 700 мың теңгеге жеткен. 

Сонымен қатар аударған ақшаңыз қайда және қашан түскенін де бақылауға болады. 

«Wooppay қызметін ерекше атап өткім келеді. Мамандар сіздің төлеміңізді тиісті параметрлер бойынша бірден аударып отырады. Банк комиссияларының бәрін Wooppay өзі өтейді», - дейді компанияның баспасөз хатшысы.

Айта кетерлігі былтыр Астана Innovations қайырымдылық ұйымының краудфандингті платформасын іске қосқан еді. Бүгін де тұрғындардың белсенділігі байқалады. Кез келген азамат қайырымдылық жобасының пайдасына ақша аудара алады.