Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиация базасының құрылғанына 21 жыл толды. Атаулы күн қарсаңында оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жауынгерлік тапсырмалар барысында армиялық авиация ұшқыштары ұшу мен қонуды, сонымен қатар Ми-171Ш және ЕС-145 тікұшақтарымен бағыт бойынша ұшуды пысықтады, жергілікті жерді барлау үшін ұшуларды орындады.
«Даярлық барысындағы маңызды элемент - күрделі метеожағдайда және түнгі уақытта ұшу. Алғаш рет жас офицерлер әуе кемесінің командирі ретінде дербес ұшты. Аталмыш әскери бөлімнің армиялық авиация ұшқыштары тұрақты түрде тактикалық оқу-жаттығуларға, десантты тасымалдауға және оларды жабдықталмаған алаңға түсіруді орындауға қатысады. Тікұшақ эскадрилья экипаждары жараланғандарды эвакуациялау және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету міндеттерін шешеді» делінген хабарламада.
2019 жылы жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес бірқатар ұшқыштар түнгі уақытта түнде көру көзілдірігін пайдалана отырып, түнгі уақытта ұшуға және қарапайым метеожағдайларда түнде топпен ұшуға рұқсат алды. Көзілдірік пайдалану арқылы өтетін ұшу барысында авиациялық техникада барлық жарықтандыру құралдары ажыратылады. Бұл шартты қарсыласты оның тылында кенеттен ұстап алуға мүмкіндік береді.
Армиялық авиациядан басқа осы авиациялық базада әскери-көлік авиацияның ұшқыштар экипаждары қызмет атқарады. Күндіз және түнде олар Қазақстанның әр түрлі бағыттары бойынша ұшады, жақын және алыс шетелге жүк пен жеке құрамды тасымалдайды.
2019 жылы елордалық авиациялық бөлімнің ұшқыштар құрамының жалпы ұшуы - шамамен 2000 сағат.