11 мам, 2020 сағат 14:11

Елордаға кіру шектелген, блокпосттар әлі алынған жоқ

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалаға кіру шектелген. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысындағы аудан әкімдері береді. 

Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде. 

«11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.