#
#
Бейсенбі 16/07/2020

Елордадағы жастар сарайының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

  • 04.06.2020
  • 0
  • 247

Нұр-Сұлтан қаласындағы күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан жастар сарайының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбат барысында мәлім етті. 

«Бүгінде «Жастар сарайында» толықтай қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Себебі ғимаратқа жөндеу жұмыстары соңғы рет 1996 жылы жүргізілген, одан кейін жөндеу көрмеген. Оның ішінде концерттік зал, кітапхана, спортзал және бассейн бар. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтудеміз», - деді Д. Кәрібек. 

Сондай-ақ, басқарма басшысы жаңа орталықтың басты қызметіне тоқталып өтті. 

«Жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа коворкинг елорда жастарының игілігіне беріледі. Оның ішінде балалар мен жастарға арналған үйірмелер, семинар, тренингтер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады», - деді ол. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар