Астанадағы Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені биылғы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімет таратты.
Нысан Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің бойында орналасқан.
Жер көлемі - 4, 4613 гектар.
«Abu Dhabi Plaza» - Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен саналады. Ол аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.
Ішіндегі ең биік мұнараның ұзындығы - 311 метр, 75 қабаттан тұрады.
Онда кеңселер мен тұрғын үй пәтерлері орналасады.
«Нысан биылғы жылдың соңында пайдалануға беріледі» деп мәлім етті басқарма.