#
#
Cәрсенбі 15/07/2020

Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті

  • 30.05.2020
  • 0
  • 246

Елордада жеңіл көлік көшедегі жарық бағанын құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін, таңертеңгі сағат 08.05-те «KIA CARENS» маркалы көлікті тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен Тәуелсіздік даңғылына қарай келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылысқа жеткенде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарына көлік көше шамы бағанын құлатып, одан кейін аялдама алаңына кіріп кеткен. 

«Абырой болғанда сол сәтте автобус аялдамасында ешкім болмаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттен. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар