25 мау, 2020 сағат 11:36

Елордада жедел жәрдемге қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды

Елордада жедел жәрдемге қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жедел жәрдем колл-орталығына байланыс жүктемесінің жоғарылауын ескере отырып, қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды - бұл bot @ns103bot. Ботты пайдаланып, жедел жәрдем шақырта аласыз. Боттың барлық сұрақтарына жауап бере отырып, өзіңіздің ЖСН, сонымен бірге тұрғылықты мекенжайыңызды көрсете отырып, сіздің өтінішіңіз қабылдау бөлімінің диспетчеріне жіберіледі», - деп жазды елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында. 

Әрі қарай қоңырау шұғылдық санаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 450 бұйрығына сәйкес анықталады. 

«Жеделдік санатын тағайындағаннан кейін, өтінім диспетчердің шақыру кезегіне түседі, ол осы шақыруға бригаданы тағайындайды. Жалған мәліметтер болған жағдайда өтінім қабылданбайды.