29 мау, 2021 сағат 12:43

Елордада велосипедпен жүрген жалаңаш ер адам ұсталды (Видео)


Елорда полицейлері көшеде тыр жалаңаш велосипед мінген ер адамды ұстады.

Сағат 07:14-те "102" нөміріне Есіл өзенінің жағалауында ер адам тыр жалаңаш күйде велосипед теуіп жүргені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер оны ұстады. Аяқ киім ғана киген ер адам мас болған.

"42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде құрбысымен бірге су жағасында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындаймын деп өзенге түскен. Ал судан шыққанда киімі болмаған. Танысы оның заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сөйтіп өзі кездесуге келген көліктің артынан велосипед алып, Бараев көшесіне үйіне бар жатқан. Ұсталған ер адам мас күйде болғандықтан көлікке отырмағанын айтты", - деді елордалық полиция департаментіндегілер.

Полиция қызметкерлері екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады - қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін және басқаларды сыйламай қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасағаны үшін.

Сот шешімімен ер адам қамауға алынып, айыппұл салынды.