Фото: Бас прокуратура
Желіде мемлекет бюджеті мен оның жұмсалуын көрсететін видеолар жариялап
келген қоғам белсендісі Санжар Боқаев алаяқтық және ақша жымқырды деген айыппен
ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бас прокуратура мәліметі бойынша, Боқаев әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар
қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесіп, құрылыс нысандарынан мүлік
ұрлады деген жалған бейнематериалдар жариялаған деп күдікке ілінген.
Тергеу деректері бойынша, ол осы әрекеттерді ұйымдастырып, қаржыландырған.
Табысы төмен адамдарға ақшалай сыйақы беріп, ағаш кесу мен ұрлық жасауға
тапсырма берген деген күдік бар. Сонымен қатар, ол аса ірі мөлшерде қаржы
қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деп есептелуде.
Еске салсақ, бұған дейін Боқаев Қазақстаннан кетіп, шетелге көшкенін
хабарлаған болатын.
