Фото: ҚР ІІМ
Қостанай қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға облыс орталығының ықшамаудандарының бірінде болған. Қайғылы жағдайдан кейін ер адам өз еркімен полицияға барып, болған жайтты хабарлаған және кінәсін мойындаған.
Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ведомствоның нақтылауынша, әйел тұрмыстық жанжал кезінде алған оқ жарақатынан көз жұмған.
Сонымен қатар күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатыр.
