Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрылыс-монтаж жұмыстары Жастар ауданында «Тазарту қондырғылары» жобасының аясында нөсер кәрізі желілерін орнатуға байланысты жүргізіледі. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осындай мәлімет таратты.
«1 шілдеден бастап 22 тамызға дейін Тәшенов көшесі мен Тәшенов тұйығында жол уақытша жабылады» делінген хабарламада.