Нұр-Сұлтан қаласында Red Bus туристік автобустарымен экскурсиялар қайта жанданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, дезинфекцияланады.
«Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық», – делінген хабарламада.
Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бірреттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек.
Red Bus автобустары күн сайын, демалыссыз қатынайды. Жөнелту орны – «Есіл өзенінің жағалауы» аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.
Аялдамалар:
Есіл өзенінің жағалауы «Хан-Шатыр» СОО
«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы
«Нұр-Әлем» музейі
Ұлттық музей
«Бәйтерек» монументі
«Ailand» океанариумы