13 қыр, 2019 сағат 08:27

Елордада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

Ертең, яғни 14 қыркүйек күні елорда төрінде жалауы желбірейтін күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, чемпионатта 1002 балуан бақ сынайды. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Жарыс 14 қыркүйек күні 11:00-де басталады.

Жарыс кестесі төмендегідей:

14 қыркүйек

11.00-16.00 – грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы іріктеу айналымы;

18.00-19.30 - грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы жартылай финалдық бәсекелер.

15 қыркүйек

11.00- 16.00 – грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы жұбаныш белдесулері;

16.45-17.30 – әлем чемпионатының ашылу салтанаты

18.00-18.45 - грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;

19.00-22.00 - грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.

16 қыркүйек

11.00-16.00 – грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 – грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

17.00-17.45 - 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;

18.00-20.30- грек-рим күресінен 67, 87, 97 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.

17 қыркүйек

11.00-15.00 – әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-15.00 - грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45-17.45 - әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-20.30 - грек-рим күресінен 60, 77, 130 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.

18 қыркүйек

11.00-15.00 – әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-15.00 - әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45-17.45 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 -  әйелдер күресінен 50, 53, 55, 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі. 

19 қыркүйек

11.00-16.00 – әйелдер күресінен 62, 68 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00 – 16.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45-17.45 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;

18.00-21.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65, 76 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.

20 қыркүйек

11.00-16.00 – еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45 – 17.45 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі;

21 қыркүйек

11.00 – 16.00 – еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45 -17.45 - еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - еркін күрестен 70, 74, 92, 125 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.

22 қыркүйек

15.30 – 17.30 - еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

18.00-21.00 - еркін күрестен 61, 79, 86, 97 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.

Айта кетейік, «Qazsport» телеарнасы чемпонатты тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін «Барыс-Арена» стадионында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген ҚР грек-рим күресінің вице-президенті Дәулет Тұрлыханов елордада күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына бес құрлықтан 60-тан астам Олимпиада чемпионы мен жүлдегері келетіндігін айтты.

«Оның ішінде қонақ ретінде тамашалайтын ардагерлер де, медальға таласатын балуандар да бар. Атап айтсақ, олардың арасында әлемге танымал балуан Александр Карелин, жас америкалық жұлдыз Кайл Снайдер, төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз, жапониялық әйгілі чемпион Каори Итё, Артур Алексанян, Лопес Нуньес, Қазақстанның тумасы Валерий Рязанцев, Беларусь спортшысы Камандар Маджидов, ирандық әйгілі Расу Хадем бар», - деді Дәулет Тұрлыханов.