16 жел, 2020 сағат 12:44

Елордада Мемлекеттік туды көтеру салтанаты рәсімі өтті

Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекеттік туды көтеру рәсімінің видеосы ҚР Президенті Телерадиокешенінің Instagram-парақшасында жарияланды. 

Салтанатты рәсімде сапқа тізілген әскери қызметшілер Әнұранды орындады. 

Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бір облыста автокөліктердің шеруі ұйымдастырылса, басқа өңірлерде отандастарымыз Туды балконға іліп, жаңа челлендж бастады.