Елордадағы кейбір қонақүйлер полицейлерді орналастыруға бөлінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұр-Сұлтан қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және короновируспен күрес шараларына жұмылдырылған дәрігерлер мен полицейлерге жағдай жасау мақсатында олар қонақүйлерге орналастырылды», - деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызетінде.
«Бұған дейін дәрігерлер қонақүйлермен қамтамасыз етілген еді. Сонымен қатар, блокпостарда және басқа да нысандардағы полицейлерге қосымша орындар бөлінді», - деді әкімнің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі таңда қалада коронавирус инфекциясының 433 жағдайы тіркелді. 255 науқас стационарларда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үйде карантинде 2 396 адам бар.
9 сәуірден бастап жаппай экспресс-тестілеу жүргізу басталды, оны 12 752 адам тапсырды.