04 шіл, 2020 сағат 10:39

Елордада қоғамдық көліктер 2 апта жүрмейді

Елордада 5 шілдеден бастап 2 апта бойы қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы CTS компаниясынан мәлім етті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі Фейсбук парақшасында хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады (шамамен екі аптаға). Қоғамдық көлік қозғалысының қайта жандануы туралы қосымша хабарлаймыз. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады», - делінген компанияның Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.