#
#
Сейсенбі 20/10/2020

Елордада карантинге қармастан түнде де жұмыс істеген компьютерлік клуб анықталды

  • 19.09.2020
  • 0
  • 101

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында елорда полицейлері тұрақты түрде тексеріс жүргізіп тұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жұмадан сенбіге қараған түні Қабанбай батыр көшесінде карантин ережесін бұзып, түнде жұмыс істеп жатқан «CYBER STRONG» компьютер клубын анықтады. Тексеріс кезінде клубта 60 адам болған, оның 3-уі кәмелет жасына толмаған. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болғаны немесе заңды өкілдерінсіз жүруі үшін үш жасөспірімнің ата-анасы ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 

Сондай-ақ жасөспірімдерді ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін компьютер клубының әкімшісі де ҚР ӘҚБтК-тің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 

Компьютер клубының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «карантин режимін бұзу» әрекеті бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жиналып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Полиция кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде 22:00-ден 6:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде 23:00-ден 6:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын ескертеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар