29 мау, 2021 сағат 21:32

Елордада «Электрондық оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті


Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Астана Мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR қауымдастығы және Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігінің ұйымдастыруымен «Электрондық оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өз сөзінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет саласындағы цифрландыру тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

«iQyzmet» базасында кадрлық процестерді цифрландырудың бірінші кезеңі ретінде мемлекеттік қызметке іріктеу процесін қайта қарау жүзеге асырылады. Іріктеудің барлық кезеңдері бұдан былай автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, кандидаттардың деректері бар бос жұмыс орындарымен және біліктілік талаптарымен автоматты түрде салыстыру мүмкіндігі көзделген. Бұл кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова.

Конференция жұмысына Еуропа, Азия және Американың 20 елінен 200 сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер мен ғалымдар қатысқан. Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Ву Ху өзінің құттықтау сөзінде оқыту әлемнің барлық елдерінде мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, ақпараттық қоғамға көшу үрдістеріне сәйкес Кореяда электронды оқытуды белсенді енгізу 2000 жылдары басталды. 2017 жылдан бастап барлық оқу бағдарламалары Үкіметтің электронды оқыту платформасына біріктірілген. Адами ресурстардың жаңа буынын дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап электронды оқытуда жасанды интеллект технологиялары қолданылуда және open smart platform әзірленуде. Бұл ретте Ким Ву Ху мырза «жылына үш жүз алпыс күн бойы дербес электронды оқыту жүйесі кез-келген жерде, кез-келген уақытта» деген ұстаным барын атап өтті.

«E - learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) – электрондық оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту синонимі. Электрондық оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.

E - learning стратегиялық негізгі ұлттық білім беру жүйесін дамыту және жаңарту арқылы сипатталатындығымен айқындалады.
Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер енеді: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция.
Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%- ға ұлғаю үстінде.
Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады», - деді Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Ву Ху.

Конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Ву Ху, Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросының және т. б. өкілдері қатысты.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов өз сөзінде пандемия салдарынан пайда болған жаңа ахуал қазіргі заманғы технологиялардың маңыздылығын айтарлықтай арттыра отырып, оларды қолдануды кеңейтті деді. «Сонымен бірге бүкіл әлемдегі мемлекеттік қызметшілер жұмыстың жаңа әдістерін меңгеруде. Тіпті мемлекеттік қызметшілердің «ZOOM» буыны қалыптасуда деп айтуға болады. Бұл өзгерістер жаңа сын-қатерлер туғызуда, сонымен бірге HR менеджмент үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Осы ретте е-learning оқытудың маңыздылғы да артып отыр»-деді Байменов. Осыған байланысты ол Хабтың серіктестеріне және бірқатар елдердің үкіметтеріне ашықтығы, өз білімдері мен тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге әзірлігі үшін алғыс айтты.

Корея Республикасы Персоналды басқару министрлігінің өкілі 2017 жылы құрылған мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ұлттық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта жүйеде 3000-нан астам оқыту мазмұны бар. Бұл курстардың көпшілігі мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылады және мысалы, адалдық пен сатылмаушылық, гендерлік теңдік және т.б. мәселелерге арналған, бұл ретте жалпы және ерекше жұмыс дағдыларын дамытатын курстарды әртүрлі министрліктер бірлесіп пайдаланады. Жалпы алғанда, кореялық мемлекеттік қызметкерлер жылына кемінде 100 сағатты құрайтын оқудан өтуі тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда олар лауазымда одан әрі жоғарылауға жатпайды.

Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина конференцияға қатысушыларға мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері пайдаланатын білімді басқару порталын ұсынды. Бүгінгі таңда порталда 119 білім беру қызметін жеткізуші және 1100 оқыту бағдарламасы бар.

Конференция барысында Корея Республикасы, Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Эстонияның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері мен сарапшылары өз елдерінде электрондық оқыту платформаларын құру және дамыту тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы жаңалықтар туралы әңгімеледі. Спикерлер электронды оқытудың мазмұны, формалары, әдістерінің әртүрлілігіне және ұзақтығына ерекше назар аударылатыны туралы айтты. Соңғы уақытта «micro-learning», яғни ұзақтығы 10-15 минуттық бейнесабақтар кең тарауда. Бұл ретте электронды оқытудың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы басым бағыт екені де айтылды. Жалпы жетекші елдер тәжірибесі конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Себебі Covid-19 жағдайында бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыруда электрондық оқытудың маңызы айтарлықтай өсті. Спикерлер, сондай-ақ, Астана мемлекеттік қызмет хабының озық тәжірибелерді ілгерілетудегі, қатысушы елдер, әріптестер және сарапшылар қауымдастығы арасында тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, конференция барысында Грузия, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан HR қауымдастығының электрондық оқыту тәжірибесі ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік,  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Астана Мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR қауымдастығы және Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігінің ұйымдастыруымен «Электрондық оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті.

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өз сөзінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет саласындағы цифрландыру тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.