16 сәу, 2020 сағат 19:31

Елордада екі күн ішінде коронавирустың 34 оқиғасы тіркелді

Жалпы саны 1 819 адам карантинге алынған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Соңғы екі күнде Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының 34 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«15 сәуірде 5,3% өсіммен 15 жағдай, 16 сәуірде 6,4% өсіммен 19 жағдай. Төрт жағдай пневмония күдігімен бірнеше күннен бері стационарда болған науқастар. Диагностикадан кейін коронавирустық инфекция анықталды. Бір жағдай КВИ болуына экспресс-тестілеуге мониторинг арқылы. Ол науқас әрі қарай тексеру үшін провизорлық стационарға жатқызылып, коронавирус расталды. 11 жағдай – науқастардың жақын байланыстары, – отбасы мүшелері, әріптестер. Бұған дейін олар оқшауланып, тексеріліп, инфекцияның расталуына байланысты ауруханаға жатқызылды», – деді Сәуле Қисықова онлайн-брифинг кезінде.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырудың 18 оқиғасы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан анықталды.

«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен қарауындағыларға тексеру жүргізілуде. «Шарапат» орталығында 380 адам, оның ішінде 306 адам және 74 қызметкер тексеруден өтті. Нәтижесінде коронавирус жұқтырудың 18 оқиғасы анықталды», – деді Сәуле Қисықова.

Қазіргі уақытта КВИ бар науқастар ішінен 10 жағдайы тұрақты ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысында. Олардың екеуі Республикалық қарқынды терапия және экстракорпоралдық мембраналық оксигенация орталығында ем алады. Ем шаралары КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Қалған емделушілерде жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу шаралары жалғасуда. Карантинде барлығы 1819 адам бар.

2020 жылдың 9-16 сәуірі аралығында 8 716 адамға жедел тестілеу өткізілді. Оның ішінде оң нәтижемен 106 (1,3%) жағдай анықталып, қосымша тексеру үшін провизорлық стационарларға (ПТР) жатқызылды. Олардың арасынан 70 адам теріс нәтижемен шығарылды. Сонымен қатар 692 медицина қызметкері қонақ үй кешендерінде орналасқан. Оның ішінде «Хилтон» – 305 адам; «Дипломат» – 46 адам; «Думан» – 341 адам.