
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанна Пірәлиеваның демалыс күндері шектеу және карантин шараларын уақытша күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 19 маусым сағат 22.00-ден бастап 2020 жылғы 22 маусым сағат 00.00-ге дейін демалыс күндері шектеу және карантиндік іс-шараларды уақытша күшейту енгізілсін. Қала әкімдігіне, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына:
- карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды қамтамасыз ету;
- аса қажетсіз қала сыртына кіруді/шығуды шектеу;
- қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүруге тыйым салынсын, келесі жағдайларды қоспағанда: тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүруіне қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда;
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын үйінің немесе жұмыс орнына жақын дүкендерден, дәріханалардан сатып алу;
- шұғыл жағдайларда ғана медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 18 және 19 маусым күндері бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен дәрі-дәрмектерді алдын ала сатып алу ұсынылады.
65 жастан асқан тұлғаларға уақытша шектеулер кезеңінде осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуға шектеу қойылады.
Сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және тұрмыстық дүкендерінде, қызмет көрсету орындарында және көпшілік жиналатын орындарда дезинфекциялық шаралар өткізіледі.
«Қала әкімдігіне, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға 2020 жылғы 19 маусым сағат 22.00-ден бастап 22 маусым сағат 00.00-ге дейін осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілерді қоспағанда, барлық ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі тоқтатылады.
Келесі кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің жұмысына тыйым салу, оның ішінде:
- сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар және азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың дүкендері, жәрмеңкелер;
- мейрамхана, кафе, фаст-фуд, фудкорт, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан басқа, 50-ден аспайтын отыратын орны бар және жеткізу сервисі;
- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;
- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері;
- қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар; - қоғамдық көліктің қозғалысы;
- атыс орындары, тирлер;
- құрылыс алаңынан тыс шықпастан жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшыларға арналған құрылыс алаңдарында жатақханалары бар құрылыс компаниялары;
- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, көше ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі;
- қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар;
- Қаржы нарығы мен қызметтер субъектілері осы кезеңде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алсын;
- Нұр-Сұлтан қаласына территориялық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғаларға - әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне:
- қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мүмкіндігі бойынша ауыстыру;
- жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне кері орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді жұмыс орнынан анықтамалармен қамтамасыз ету.
Көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатуды жүзеге асыратын дүкендерге (шағын маркеттерге) жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленеді. Алдын ала бекітілген кестелер бойынша және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жекелеген оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу мен түсу емтихандарын өткізуге рұқсат етіледі.
