#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Елордада COVID-19 диагностикасы бойынша мобильді скрининг іске қосылды

  • 05.06.2020
  • 0
  • 304

Енді автоәуесқойлар мен жолаушылар коронавирустық инфекцияға жылжымалы көлікте отырып-ақ тест тапсыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК базасында қысқа мерзімде скрининг жүргізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз жүйе жұмыс істей бастайды.

Мобильді орталықтың қуаты күніне 100-ден астам тесті құрайды. Бір адамға процестің ұзақтығына 3-5 минут кетуі мүмкін, бұл дәстүрлі скринингке жұмсалатын процесінің үштен бір бөлігі.

«Бұл коронавирустың алдын алу үшін жасалған жоба. Пилоттық режимде жұмыс істеп көрдік. Бір апта ішінде 700-ге жуық көлік жүргізушісі тест тапсырды. Бағасы - 10 мың теңге. Осы жерде тапсырған тест нәтижесі 6-7 сағатта белгілі болады.

Науқас оны бір тәулік ішінде электрондық пошта арқылы PDF форматында алады. COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда осы кезеңде тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады. Мобильді скрининг-орталық сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз, індеттің соңына дейін жұмыс істейтін болады», - дейді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Мобильді орталықтың жұмыс кезеңдері келесі кесте бойынша құрылады: кіру — тіркеу — зерттеп-тексеру — үлгі алу— шығу. Кіргеннен кейін тестіленушілер жеке ақпарат, эпидемиологиялық факторлармен байланысты симптомдары бар сауалнаманы толтырады. Кабинада дене температурасы контактісіз термометр көмегімен өлшенеді.

Тексеру әдісі вирустың таралуын болдырмау жөніндегі шаралардың әдеттегі моделіне айналды.

«Мобильді орталық тұрғындар көп жүретін жерге орналастырылды. Қажеттілік болса қаланың басқа жерлерінде де ашылуы мүмкін. Бұл жерде бойында ауру белгілері жоқ адамдар тексеріле алады. Тест ақысын қолма-қол ақша ретінде беруге де, банк картасы арқылы аударуға да болады», - дейді №2 қалалық көпбейінді аурухананың директоры Иван Ли.

Нұр-Сұлтанда осындай пункттің ашылуы қала тұрғындары арасында жасырын ауру ошақтарын анықтауға және асқынуларға жол бермей, уақтылы санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу-алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар