28 сәу, 2020 сағат 14:54

29 сәуір мен 10 мамыр аралығында Б.Момышұлы даңғылы мен А.Тоқпанов көшесінің қиылысы жабық болады

Елордада 29 сәуір - 10 мамыр аралығында Б.Момышұлы даңғылы мен А.Тоқпанов көшесінің қиылысы көлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 сәуір - 10 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аймақта жауын суын ағызатын жүйенің магистральді коллекторы төселетіндіктен, Б.Момышұлы даңғылы мен А.Тоқпанов көшесінің қиылысында екі бағытта көлік қозғалысы тоқтатылады. 

«Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін қою арқылы айналма жолмен ұйымдастырылады», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Бұл учаскедегі көлік жылдамдығы сағатына 40 км-ге дейін шектелген. Қалалық полиция департаменті кептеліс болмау үшін жол жүру маршрутын алдын ала жоспарлауды ескертеді.