09 жел, 2020 сағат 08:30

Елордада 12 жасар баланың телефонын алып қашып кеткен жігіт ұсталды

Елорда полициясына 12 жасар баланың ата-анасы шағымданды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары Ботаникалық саябақ ауданында баланың қасына ер адам келіп, біреумен хабарласамын деп, оның телефонын сұрап алғанын анықтады. Бейтаныс адамнан қорқып қалған бала оған өзінің ұялы телефонын берген. Ер адам телефонды алған бойда қашып кеткен. 

Жедел-тергеу шараларын жүргізу кезінде елорданың бұрын сотталған 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған «IPhone 6» маркалы телефон алынды. Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.