Фото:depositphotos.com
Маңғыстау облысында пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қаза тапты. Оның артында жеті баласы қалған, - деп хабарлайды Ult.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзенде болған. Қылмыс жасады деген күдік марқұмның күйеуіне түсіп отыр. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ерлі-зайыптының арасында тұрмыстық жағдайға байланысты жанжал шығып, ол қайғылы жағдаймен аяқталғаны алдын ала анықталды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
