24 мам, 2022 сағат 23:58

Елордада 1032 оқушы бір уақытта төрт күй орындады


Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шықты. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бұл туралы мектептің Instagram-парақшасында жазылған. 24 мамырда елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте домбыра сабағы өтті. Оны Гиннесс рекордтар кітабына "Ең ауқымды домбыра сабағы" онлайн рекорды ретінде енгізу жоспарланып отыр.

2021-2022 оқу жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыра сабағымен аяқталады, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар туындыларды орындады.

Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілген. Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен аса стюард пен 2 куәгер қадағалайды. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылап, жазба аймағынан шыққан немесе қажетті әрекетті орындамаған белгілі топтағы кез-келген қатысушыны дисквалификациялау жұмысын жүргізеді. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауын қадағалайды.

Домбыра сабағын мектептің мыңға жуық оқушысының меңгеріп, ұлт аспабын тартуы әлемдегі тұңғыш оқиға. Домбыра сабағы - бір мектептен 1000-нан астам оқушы ұлттық аспапта ойнайтын әлемдегі жалғыз/алғашқы оқиға. Қазақстандық рекорд аса көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі деп жоспарланып отыр.