18 мам, 2020 сағат 17:51

Елордада 100-ден астам техника көшелерді жаңбыр суынан тазартуда

Нұр-Сұлтанда жаңбырдан кейін көшелерді судан тазартумен 100-ден астам арнайы машина (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) айналысуда.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жалпы 3370 текше метр су сорылып, 18 мың текше метр су тазарту құрылғылары арқылы өтті. 

«Айта кету керек, биыл жазда Б.Момышұлы даңғылындағы су басу мәселесі шешіледі. Мұнда жауын-шашын канализациясының магистральды коллекторының құрылысы басталды. Нөсер кәрізінің ұзындығы — 500 метр (Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін, Б. Момышұлы даңғылы арқылы өтеді). Қозғалыс шектелді. Құрылыс жұмыстары биыл жазда аяқталады. Учаскені су басу мәселесі толық шешіледі», - деді әкімдіктен. 

Сонымен бірге «Жастар» шағынауданында (Тәшенов және Аман көшелерінің қиылысы) тазарту құрылғыларын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш шағынаудандағы жаңа құрылғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. 

«Бұл, жауын-шашын канализациясының өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Тазарту құрылғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарын жауын суынан қорғайтын болады. Тазарту құрылғылары жер астында орналасқандықтан, құрылғы үстіндегі аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу, шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деді елорда әкімдігінен.

Атап өтілгендей, 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағында екі учаскеде жауын суының жиналмау түйіткілі шешілді.