25 қар, 2020 сағат 18:47

Елорда соты Қазақ көлік және коммуникация академиясын лицензиядан айыру шешімін өзгеріссіз қалдырды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы ҚР БҒМ қаулысын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Еске сала кетсек, биылғы қазан айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. 

Бүгінгі сотта ҚР ӘҚБК 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес, академияның лицензиядан айыру туралы министрлік қаулысына шағымы қаралды. 

«Сот Білім және ғылым министрлігінің М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырды. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет анықтаған бұзушылық фактілерін де сот растады», – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.