Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда іргесіндегі Жібек жолы кентіндегі демалыс кешенінің өртенуіне қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сағат 15:40-та елордалық өрт сөндірушілер Ақмола облысы Жібек жолы кентіне көмекке шықты. Оқиға орнына жеткен кезде «Astana Resort» демалыс кешені аумағында, бунгало және демалатын үйлер өртеніп жатқаны анықталды.Қазіргі уақытта елорданың өрт сөндірушілері жалынның өзге де нысындардың таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды атқаруда. Өйткені желдің салдарынан өртті сөндіруде қиыншылықтар болуда», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Белгілі болғандай, өрт басталғанда демалыс кешініндегі 45 қызметкер мен мейман қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
Өрттің себебі мен жалын шарпыған аумақ көлемі анықталуда.