Бүгін Франция Бастилияны басып алу Ұлттық мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Республиканың Африкадағы әскери іс-қимылдарына қатысып жүрген арнайы күш құрылымдары бүгін Елисей алаңында өтетін әскери парадта ерекше орын алады.
Францияның Ұлттық күніндегі әскери шеру Парижге COVID-19 пандемиясына байланысты болған бір жылдық «үзілістен» кейін қайта оралады.
Шеруді Африканың Сахель аймағындағы әскери іс-қимылдарға тартылған 80 француз және еуропалық арнайы жасақ басқарады.
Шараға республика президенті Эммануэль Макрон қатысады.
Әскери шеру карантин шараларына қатысты қысқартылады: мінберге әдеттегі 25 мың көрерменнің тек 10 мыңы ғана кіргізіледі.
Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша отшашу өтеді. Бұл Францияның 1789 жылғы ірі тарихи оқиғасы – Бастилияны басып алудың тағы бір әйгілі ерекшелігі.