Коронавирустың таралу қаупін тоқтату үшін Қазақстанға шетелден келген жолаушылар үшін қатаң шектеулер енгізіледі. Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов осылай мәлім етті , деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен аптада қабылданған шешім бойынша, елге кез келген көлікпен (ұшақ, пойыз) келген жолаушының дене қызуы болса, дереу стационарлық изоляторға орналастырылады. Ол жерде дене қызуы не үшін көтеріліп тұрғанын, қандай аурумен ауыратынын анықтайды. Қазақстанға келген шетелдік және қазақстандық азаматтардың ұялы телефон нөмірі тіркеледі», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, бір көлікпен келген азаматтардың біреуінен 14 күн ішінде коронавирус дерті анықталса – ол адаммен бірге келген барлық жолаушы, онымен байланыста болған барлық адам анықталып, тиісті шаралар қолданылады.