14 мам, 2020 сағат 12:58

Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Күндіз 15, түнде 16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Сондай-ақ 15-16 мамырда тәулік бойы кей жерлерде күн күркіреп, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

Петропавлда 15-16 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

15 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел батыстан, оңтүстік батыстан соғады, кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда 15 мамырда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жел батыстан, оңтүстік батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

15 мамырда Алматы облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с. 

Талдықорғанда 15 мамырда солтүстік батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

15 мамырда күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с болады.

Көкшетауда таңертең және күндіз 15 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтанда 15 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 17-22 м/с жетеді.