Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел күтіледі.
Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.
15 қыркүйек күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.