Синоптиктердің болжауынша, еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
13 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 25 м/с жетеді.
Сейсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
13-14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыстан, солтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, 13 тамызда күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавл қаласында 13-14 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 13 тамызда екпіні 23-28 м/с жетеді.
13 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетвуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай қаласында сол күн кұркіреп, найзағай жарқылдайды.
Тек Шығыс Қазақстан облысында күн райы ашық. 13 тамызда өңірдің күндіз кей жерлерінде қатты ыстық болады, термометр бағаны 36° жетуі ықтимал.