09 жел, 2019 сағат 17:19

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында тұман сақталады.

10 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

10 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

10 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі.