13 жел, 2019 сағат 16:03

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с.

14 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 14-16 желтоқсанда кей жерлерде тұман түседі.

14 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдаимдығы 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында 14 желтоқсанда кей уақытта тұман, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ал Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі, түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.