23 там, 2023 сағат 13:30

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фото: pexels.com

Синоптиктер 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанып отыр.

Ауа температурасының ең жоғары төмендеуі республиканың солтүстік өңірлерінде күтіледі, солтүстіктегі ауа температурасы түнгі уақытта 7-12 градус жылыға дейін, күндіз 17-22 градус жылыға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.