03 шіл, 2023 сағат 12:33

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фото: smolensk.bezformata.com

Синоптиктер 4-6 шілде күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Сондай-ақ батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін, оңтүстікте 25-38 градусқа дейін", - делінген хабарламада.