15 қаң, 2024 сағат 14:46

Еліміздің басым бөлігінде аяз болады – синоптиктер

Фото: Влад КОМЯКОВ, Архив «КП»

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазақстанның көптеген облысында ауқымды антициклон әсерінен күн ашық және аяз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіліп отыр, қар түрінде жауын-шашын түседі, жел және бұрқасын күшейеді", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -25-33 градус, күндіз 15-23 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус, күндіз -2-7 градус, ал батыста түнде -8-18 градус, күндіз -3-15 градус аяз болады.

16 қаңтарда ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Астана

Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -30, күндіз -21 градус аяз.

Алматы

Аздап қар жауады. Түнде -7, күндіз -2 градус суық.

Шымкент

Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -5, күндіз -2 градус суық.