#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 21.01.2021
  • 0
  • 205

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз болады. Солтүстік аудандарда минус 13-18 градусқа дейін күрт суытады. 

23 қаңтар күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар жуады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Күндіз таулы аудандарда жел қарқыны 30 м/с және одан қатты күшейеді. 22 қаңтарда Түркістан қаласында ауа температурасы күндіз минус 6-8 градусқа дейін күрт төмендей ді.

22 қаңтар таңертең және күндіз Шымкентте қалың қар жауады . Күндіз ауа температурасы 3-5 градус аязға дейін суытады. 

22-23 қаңтарда бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 25 м/с жетеді.

22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

22 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. К үндіз кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

22 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз болады. Күндіз минус 3-8, кей жерлерде -11 градусқа дейін күрт төмендей ді. 

Облыстың кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 22 қаңтарда Талдықорған қаласында көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 

22 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 22 қаңтар түнде және таңертең Орал қаласында да күн тұманды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР