20 мамыр күні елорда мен Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында 20 мамыр күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, кей жерлерде 18 м/с күтіледі.
Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 85-90 %.