Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ертең жел күшейіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, кұр кұркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өңірде күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
26 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
26 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жауады, найзағай онап, дауыл соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ертең Шымкентте найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Түркістан қаласында найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Ертең Петропавл қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде 26 тамызда таңертең және күндіз, 27 тамызда тәулік бойы қатты нөсер жауады. 26-27 тамызда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Ертең күндіз Тараз қаласында қатты жаңбыр жауады. 26-27 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жаңбыр алдында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.