01 қыр, 2020 сағат 17:11

Еліміздегі балабақшаларда 15 мыңнан астам кезекші топ жұмыс істеп тұр

Ата-аналардың сұрауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады», - делінген министрлік мәліметінде. 

Қазіргі кезде елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді.