30 қар, 2021 сағат 22:36

Елімізде желтоқсан айында ауа-райы қандай болады?


Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Еліміздің солтүстік жартысы мен батысында ауа температурасы нормадан 1° жоғары. 

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп деп болжанып отыр. 

Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайды. 

Алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді.

Жауын-шашын жауады, көбіне қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. 

Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын жауады. 

Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.

Желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантады:

солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10, -18°С-тан 0, -8°С-қа дейін, күндіз -3, -8°С-тан -5, +5°С-қа дейін жоғарылайды;

республикамыздың оңтүстігінде түнде -2, +8°С дейін, күндіз +10, +18°С дейін.

Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0, -8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:

батыста, солтүстік-батыста түнде -7, -15°С-қа дейін, күндіз -5, -11°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18, -26°С-қа дейін, күндіз -10, -18°С-қа дейін;

оңтүстік-батыста түнде 0, -5°С-қа дейін, күндіз +2, +7°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5, -13°С-қа дейін, күндіз 0, -5°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяз әлсірейді. 

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27, -35°С-қа дейін, күндіз -18, -25°С-қа дейін қарқынды суық толқындары қайтады. 

Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5, -15°С-тан 0, -5°С-қа дейін, күндіз 0, -10°С-тан 0, +5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. 

Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде қарлы боран мен жел ҚР солтүстік жартысында және тау бөктерінде күшейеді.