#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Елімізде үш мың жұмысшы 1 млрд теңгеден астам жалақысын ала алмай отыр

  • 05.11.2020
  • 0
  • 343

Елімізде 3 мың жұмысшы 1 млрд теңгеден астам жалақысын ала алмай отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сенатордың дерегінше, еліміздегі 50 кәсіпорында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға төленбеген жалақының жалпы сомасы 530 миллион теңгеден асып кеткен. 

Сондай-ақ 190 қызметкер жұмыс істейтін 16 кәсіпорынның қарызы 115 млн теңгені құрайды. Оны болашақта да төлеу мүмкін емес көрінеді. 

Ал 1300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған, әйтсе де жалақы қарызы жарты миллиард теңгеге жеткен тағы 34 кәсіпорынның еңбекақы төлеуге мүмкіндігі бар екені белгілі болып отыр. 

«Әлеуметтік шиеленістер мен еңбек қақтығыстарының қаупін бақылау мүмкіндігін қарастыру, әр кәсіпорын үшін әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау, оларды шешудің нақты шараларын әзірлеумен әр проблемалы кәсіпорынның жағдайын бағалау және жұмыс істеп тұрған қала құраушы әрі ірі кәсіпорындарға айрықша көңіл бөлу керек. Олардың жағдайы аймақтардағы саяси-әлеуметтік ахуалға әсер етеді», - деді Андрей Лукин. 

Оның айтуынша, жұмысшылардың жұмыспен қамтылуын бақылау, сондай-ақ жалақы бойынша берешектің өсуіне жол бермеу үшін еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдану қажет.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР