12 ақп, 2021 сағат 10:24

Елімізде «Ұлттық тауар жеткізуші жүйесі» құрылады

Елімізде «Ұлттық тауар жеткізуші жүйесі» құрылады. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауылдардың әлеуетін барынша жүзеге асыру, ауыл тұрғындарының өмір жағдайын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығын және ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған іс жүзіндегі шаралар кешені жүзеге асырылатын болады. Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермелерлік және үй шаруашылығын жұмылдыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. 

Оның атап өтуінше, 2021-2025 жылдары кезеңінде «Ұлттық тауар жеткізуші жүйесін» құру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша 24 көтерме тарату орталығы салынады. Агроөнеркәсіпкешені өнімдерінің экспорт көлемі 2 есеге артады. 

«Әрбір тірек ауылдың жергілікті жолдарының 95 пайызы жөнделеді. 2025 жылға қарай барлық қала мен ауыл сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі», - деді Асқар Мамин.