02 мау, 2018 сағат 14:52

Елімізде көп бөлігінде үсік жүреді

Синоптиктердің болжамынша, Астанада сенбі күні жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аудандарынан ылғалды әрі суық ауа массасы келеді. Сол себепті демалыс күндері ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік, орталық және батыстың кей жерлерінде үсік жүруі мүмкін. Бірақ оңтүстік өңірлерге Иран жақтан ауа ағыны келіп, ол жақта нағыз жаз басталады", — деді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева.

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең, 3 маусымда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.

"Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, метеорологтар Астана қаласында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 метрге дейін үдейтінін ескертті